АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ "АРШАЛЫ АУДАНЫ, АРШАЛЫ КЕНТІ, №13 ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТҮЗЕТУ КАБИНЕТІ" КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ
КОММУНАЛЬНОЕ ГОСУДАРСТВЕННОЕ УЧРЕЖДЕНИЕ "КАБИНЕТ ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЙ КОРРЕКЦИИ №13, ПОСЕЛОК АРШАЛЫ, АРШАЛЫНСКИЙ РАЙОН" УПРАВЛЕНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ АКМОЛИНСКОЙ ОБЛАСТИ

Ұйымдар тізімі

Галерея

Барлығын қарау>>>

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

29.06.2026

Ақмола облысы білім басқармасының Аршалы ауданы, Аршалы кенті № 13 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ келесі мемлекеттік қызметтерді көрсетеді:

1.«Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу»;

2.«Педагогтерді аттестаттаудан өткізу үшін құжаттарды қабылдау»;

3. «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бос немесе уақытша бос лауазымына орналасуға конкурсқа қатысу үшін педагогтердің құжаттарын қабылдау».

Мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 88-V «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 27 мамырдағы № 223 бұйрығымен бекітілген «Дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспірімдерді оңалту және әлеуметтік бейімдеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы № 83 бұйрығымен бекітілген Педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы № 96 бірлескен бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын және педагогтерін лауазымдарға тағайындау және лауазымдарынан босату қағидаларына сәйкес көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі

Мемлекеттік қызметтер жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы (баланың ата-анасы немесе заңды өкілі, педагог) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы және (немесе) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz веб-порталы арқылы өтініш береді.

Кеңсенің жұмыс кестесі:

- дүйсенбі – жұма аралығы: сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін;

- түскі үзіліс: сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін;

- демалыс және мереке күндері – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 09:00-ден 17:30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүзеге асырылады.

Мекенжайы: Ақмола облысы, Аршалы ауданы, Аршалы кенті, Тәшенов көшесі, 2.

Байланыс телефоны: 8 (71644) 2-22-06.

 

Сембиева С.А.

Ақмола облысы білім басқармасының

«Аршалы ауданы, Аршалы кенті

№ 13 психологиялық-педагогикалық

түзету кабинеті» КММ

басшысы

 

Просмотров: 8141


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу

Текст