
Құрметті сайт пайдаланушылары!
Біз сізді Ақмола облысы білім басқармасының «Аршалы ауданы, Аршалы кенті, №13 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті» КММ сайтында қарсы алғанымызға қуаныштымыз. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеті қызметінің негізгі мақсаты баланың тұлғалық дамуына, қабілеттерінің, бейімділіктері мен қызығушылықтарының жетілуіне барынша жағдай жасай отырып, дамуға ерекше білім қажеттілігі бар балаларға психологиялық-педагогикалық түзету көмегін көрсету болып табылады. Біздің мамандар оқыту үдерісін көрнекті, қызықты әрі тиімді етуге тырысады, әрі әр баланың, оның қарым-қатынасы мен дағдыларының тұлғалық дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады. Біздің сайтта Сіз біздің кабинет, оның жұмысының ерекшелігі мен басым бағыттары, біздің балалар мен мамандардың табыстары мен жетістіктері туралы егжей-тегжейлі ақпаратқа қол жеткізе, сондай-ақ өзіңізді қызықтыратын тақырыптар бойынша сұрақтарды қоя аласыз. Телефоны: 8(71644) 2-22-06, Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша байланыс телефондары: 8(71644) 2-22-06. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша жауапты маман Нурбаева Гульгайша Накуовна – ППТК әдіскері. Құрметпен, меңгеруші Сембиева Слушаш Амангельдиевна